USD
USD
USD

Ұлан Қонысбаев «Тараз» КФК спорттық директоры қызметіне тағайындалды

«Тараз» КФК спорттық директоры ауысты.

Футболшы
Фото: Фото: FC Taraz

Алматы, NEGE. Ұлан Қонысбаев 1989 жылы 28 мамырда дүниеге келген. Спорттық мансабын 2006 жылы «Жамбыл» командасында бастаған.

Әр жылдары «Тараз», «Астана», «Шахтер», «Қайрат», «Атырау», «Ақтөбе» секілді клубтарда ойнаған. Ұлттық құрама сапында 32 матч өткізіп, 3 рет мергендік танытқан. Спорттық ғұмырындағы 300 аса кездесуде 40 жуық голдың авторы болды.

2011 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның «Үздік ойыншысы» атанған. Ел чемпионы, кубок және Суперкубок иегері.

«Жаңа қызметте Ұлан Әбиірбекұлына сәттілік тілейміз!», – делінген футбол клубының хабарламасында.

Осыған дейін, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors