USD
USD
USD

ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары Қазақстанда өтеді

Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасап, ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерімен оқу-жаттығулар болатыны туралы ескертті. 

ҰҚШҰ ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары Қазақстанда өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің оқу-жаттығулары Қазақстанда өтеді.

Жаттығулар Жамбыл және Алматы облыстарында өтеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Өзара іс-қимыл-2022", "Поиск-2022", "Эшелон-2022" оқу-жаттығулары 2022 жылғы 26 қыркүйек пен 8 қазан аралығында өтеді.

"Осыған орай, 22-30 қыркүйек аралығында елімізге ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Олардың қозғалысы әртүрлі тәсілдермен: теміржол, әуе көлігі және доңғалақты әскери техникамен жүзеге асырылады.

Әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталады”, – делінген министрліктің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

ұрлық