USD
USD
USD

ҰҚШҰ бітімгершілік күштері Қазақстаннан кетті

Алматыдан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ресейлік бітімгершілік күштері елдеріне оралды.

ҰҚШҰ бітімгершілік күштері Қазақстаннан кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Риа Новости. Мәскеу облысына Ресей Аэроғарыш күштерінің әскери-көлік авиациясының 18 Ил-76 ұшағы ұшып келді. Ресейліктер Мәскеу облысындағы Чкаловский әуежайына қайта оралатыны атап өтілді.

ҰҚШҰ бітімгершілік күштері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз миссиясының аяқталғанын жариялағаннан кейін 13 қаңтарда Қазақстаннан кете бастады. Әскерилерді қайтарудың соңғы процесі 19 қаңтарда аяқталуы тиіс.

Айта кетсек, Ақтауда 2 қаңтарда автокөлік газы бағасының күрт көтерілуіне байланысты жаппай наразылық басталды. Маңғыстау облысында басталған ереуіл еліміз бойынша жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Осыған орай Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін бітімгершілік миссиясы жіберілді.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына өтініш қабылдау басталды

Жаңа шарттары

Британ құқығы оларды қорғай ма? Олигархтар НЕГЕ АХҚО-ға жаппай көшуде?

.

Аида Балаева Құрылтай депутаттарына қатысты сынның буллингке ұласып бара жатқанын айтты

Мәдениет және ақпарат министрі

Қазақстан – Қырғызстан шекарасында жүздеген жүк көліктері жиналып қалды

.