USD
USD
USD

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті

Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Саммитке Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді. Сонымен қатар сессия жұмысына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Бас хатшысы Сергей Лебедев пен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин қатысты.

Мемлекет басшысы сессия жұмысын ашып, жиын қатысушыларына ризашылығын білдірді.

– Бүгінде ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейтін тиімді әрі қажетті халықаралық құрылымға айналды. Ұйымның даму жылдарында мүше мемлекеттер көптеген мәселе бойынша өзара ықпалдастық жасап, мол тәжірибе жинады. Ауқымды нормативтік-құқықтық база қалыптасты. Қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күрес тетіктері жолға қойылды. Ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдары жасақталып, қалыпты қызмет етіп жатыр. Беделді халықаралық және өңірлік ұйымдармен конструктивті ынтымақтастық орнатылды, – деді Қазақстан Президенті.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

жанабыловтар

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы