USD
USD
USD

ҰҚШҰ қорғаныс министрлерінің келесі отырысы күзде Астанада өтеді

Қазақстанның Қорғаныс министрі Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери саясат, әскери даму және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылын үйлестіру мәселелері бойынша Ұйымның консультативтік-атқару органы жұмысының қорытындысын жариялады.

Қорғаныс министрлігі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматы, NEGE. Руслан Жақсылықовтың айтуынша, тараптар бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында әскери-саяси жағдайды және оның даму тенденцияларын бақылау нәтижелері бойынша тұрақты ақпарат алмасуды жалғастыру туралы шешім қабылдады.

«Отырыс қорытындысы бойынша оқу-жаттығуларды дайындау мен өткізуге, ұжымдық күштерді жарақтандыруға, Біріккен штабтың қызметіне, 2025 жылы бірлескен дайындық іс-шараларына және оларды қаржыландыру мәселелеріне қатысты бірқатар құжаттарға қол қойылды», – деп түйіндеді ол.

Қорғаныс министрлері кеңесінің келесі отырысы осы жылдың қараша айында Астанада

Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы қарсаңында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, іс-шара Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етуі аясында өтті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов