USD
USD
USD

"Украиндар өз жерін басқыншыға сыйламайды" – Зеленский мәлімдеме жасады

Украина президенті Владимир Зеленский елдің өз аумағын басқыншыға "сыйға тартпайтынын" мәлімдеді.

В
Фото: телеграмнан

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы бұл туралы Telegram-арнасында жазды. Оның айтуынша, украин халқы өз жерін қорғап, бейбіт өмірге лайық.

 "Бұл соғысты аяқтау керек және оны Ресей аяқтауға тиіс. Соғысты бастаған да, созып отырған да – Ресей. Ол барлық мерзімді елемей келеді, мәселе – осында, басқа ештеңеде емес, – деді ол.

Украина президенті аумақтық мәселеге жауап ел конституциясында бар екенін атап өтті.

" Бұл ұстанымнан ешкім бас тартпайды және ешкім бас тарта алмайды. Украиндар өз жерін басқыншыға сыйламайды. Украина шынайы шешімдерге дайын, олар бейбітшілік әкелуі мүмкін. Бізге қарсы, Украинаны айналып өтіп қабылданған кез келген шешім – бейбітшілікке қарсы шешім. Бұл еш нәтиже бермейді. Ал бізге барлығымызға шынайы әрі адал бейбітшілік қажет, - деді ол.

Зеленский Киевтің АҚШ президенті Дональд Трамппен және өзге де серіктестермен тұрақты бейбітшілік үшін ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ