USD
USD
USD

Украинаның үш облысынан 30 мыңдай адам шұғыл көшірілді

 Украинаның шығыс облыстарынан соңғы 1 күнде 30 мыңға жуық адам қауіпсіз аумаққа көшірілді.

Украинаның үш облысынан 30 мыңдай адам шұғыл көшірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Эвакуация Сумы, Харковь және Донецк аймақтарының тұрғындарын қамтыған. Бұл туралы президент Владимир Зеленскийдің өзі айтты. Сондай-ақ Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк Ресеймен арадағы келіссөз бүгін де жалғасатынын жеткізді. Ол «Өте ауыр әңгіме болып жатыр, қарама-қайшылықтар бар, бірақ тіл табысуға үміт жоқ емес» деп мәлімдеген. Бұдан басқа Украинаның Винница қаласына халықаралық «Қызыл крест» ұйымынан 200 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. 11 жүк көлігіне ауыз су, тазалық және медициналық заттар тиелген. Бұл көмек елдің бүкіл аймағына таратылады.

Флориан Сериекс, «Қызыл крест» ұйымының өкілі:

– Біз әкелген заттардың ішінде операция жасауға, дене жарақаттарын емдеуге арналған материалдар және көрпе-жастық бар. Бұл нәрселер, әсіресе, оқ тиіп жараланған немесе үйін тастап, уақытша орталықтарға орналастырылған адамдар үшін ауадай қажет. Әрине бұл көмектің тамшыдай ғана екенін жақсы түсінеміз. Тұрғындарға ең бірінші кезекте азық-түлік, ауыз су керек. Гуманитарлық операция алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян