USD
USD
USD

Украинаның Ішкі істер министрі мен бірінші орынбасары ұшақ апатынан қаза тапты

Украина Ішкі істер министрлігінің басшысы Денис Монастырский мен оның бірінші орынбасары Евгений Енин Киев түбіндегі Бровары қаласында ұшақ апатынан қаза тапты.

Украинаның Ішкі істер министрі мен бірінші орынбасары ұшақ апатынан қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Украина полициясының 18 қаңтардағы мәліметінше, шенеуніктер апатқа ұшыраған елдің төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің тікұшағында болған.

«Бүгін таңертең Бровары қаласында мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің тікұшағы апатқа ұшырады. Барлығы 16 адам қаза тапқаны белгілі, оның екеуі бала», - делінген Украина Ұлттық полициясының Telegram арнасындағы хабарламасында.

Киев облысының облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы Алексей Кулеба тікұшақ балабақша мен тұрғын үйдің жанында апатқа ұшырағанын айтты. Апат болғаннан кейін жарылыс естіліп, өрт шыққан. 

Сондай-ақ, оқиғадан 22 адам, оның ішінде 10 бала зардап шеккені белгілі болды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды. 

Оқиға орнында тергеу жұмыстары жалғасуда. Ұшақ бортында тоғыз адам болған.

Қазір оқып жатыр

«800 млн теңге емес»: Перуашев Алматыдағы үй туралы қауесетке жауап берді

Ақ жол

Біздің елде қоғамды екіге жаратындай саяси дау-дамайлар жоқ – Ерлан Қарин

Ерлан Қарин

Бибісара Асаубаева азаматтығын ауыстырмақ па: Спорт министрлігі жауап берді

Бибісара Асаубаева

Бектенов халықтың нақты табысы неге төмендегенін айтты

Мәжіліс