Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Украиналықтар Қытайдан келгендерге шабуыл жасады

Украинада Полтавская облысы Новые Санжары ауылында митингіге шыққандар қытайлық Уханнан эвакуацияланғандар отырған автобусқа шабуыл жасады. Бұл туралы РБК-Украина мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Украиналықтар Қытайдан келгендерге шабуыл жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Шабуыл кезінде митингіге шыққандар автобустың терезелерін сындырған. Ал жолаушылар салон ішінде болған балаларды тастан қорғаған.

"Уханнан эвакуацияланғандар балаларын сырттан ұшып кіріп жатқан тастардан қорғады. Украинаға қош келдіңдер, жерлестер! Қытайда жүріп бізде бәрі қалай болатынын ұмытып қалған шығарсыңдар?", - деп жазды журналист Юрий Ткачев.

Митингіге қарамастан автобустар Украина ұлттық гвардиясының "Новые Санжары" медициналық орталығына кіре алды, артынша санатория қақпасы жабылды. Артынша жергілікті тұрғындар мен құқық қорғаушылар арасында қақтығыс болған.

Автобустарда Украинаның 45 азаматы мен 28 шетелдік (Аргентина, Эквадор, Доминикан Республикасы, Сальвадор, Коста-Рика, Черногория, Панама және Израиль азаматтары) отырған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА