USD
USD
USD

Украиналық босқындардың саны 5 миллионнан асты

Польшада босқындарды қабылдау үшін арнайы орталықтар ашылған. Қақтығыс басталғаннан бері елден бас сауғалап қашқан украиналық босқындардың саны 5 миллионнан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Украиналық босқындардың саны 5 миллионнан асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы таратқан мәліметке сүйенсек, олардың жартысынан көбі Польшаға қоныс аударған. Осы күнге дейін бұл елге 2,8 миллионнан астам украиналық пана іздеп қашқан. 

"Босқындардың саны күн санап артуда. Адамдар  туыстарын, үйлерін, мүліктерін тастап кетуге мәжбүр болуда", – деді БҰҰ өкілі Шабиа Манту. 

Польшада босқындарды қабылдау үшін арнайы орталықтар ашылған. Көбінесе әйелдер мен балалар келеді.

Euronews дерегі бойынша, мұндай орталықтарда жағдай жасалмаған. Бірақ өз елінде үйінен айырылған украиналықтардың одан басқа барар жері жоқ.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян