USD
USD
USD

Украинадан шыққан астық Түркияға жетті

Украинаның дәнді дақылы тиелген алғашқы кеме Түркияға жетті. Енді көлік арнайы комиссияның жіті тексерісінен өтуі керек. Оның құрамында Украина, Ресей, Түркия және БҰҰ-ның мамандары бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Украинадан шыққан астық Түркияға жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Егер ескертулер мен заң бұзушылық байқалмаса кеме Триполи портына қарай бағытын жалғастырады.

Естеріңізге салайық, 22 шілдеде Украина мен Түркия БҰҰ-ның ара ағайындығымен жасалған келісімнен кейін Одесса портынан Украина астығы тиелген алғашқы жүк кемесі жолға шықты. Сьерра-Леоне туын көтерген су көлігі Ливанға 26 мың тонна жүгері жеткізуі тиіс.

Барлығы сәтті өтсе, алдағы уақытта портта тұрған 15 кеме де жолға шықпақ. Айта кетейік, қарулы қақтығыстың салдарынан қазір Украинада 20 млн тонна астық экспортқа шыға алмай тұралап тұр.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңгені жымқырған: Алматы облысында үш адам сотталды

блогер соты

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі