USD
USD
USD

Украинадан эвакуацияланған алғашқы рейс Алматыға қонды

 Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтар мінген алғашқы рейс Алматыға қонды. 

Украинадан эвакуацияланған алғашқы рейс Алматыға қонды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматының халықаралық әуежайына «Air Astana» әуе компаниясының Airbus A321 ұшағы Украинадан эвакуацияланған Қазақстан азаматтарымен ұшып келді. Ұшақ Польшаның Катовице қаласынан ұшып шыққан болатын. Әуежайда келген жолаушыларға жедел көмек көрсету қажет болған жағдайда медициналық мамандар кезекшілік етті. Эвакуацияланған қазақстандықтарды Алматы әкімдігі күніне үш рет тамақ берілетін ыңғайлы қонақ үйге орналастырды. Алматыға келгендердің барлығына уақтылы әрі жан-жақты қолдау көрсетіледі. Қала әкімдігі қажет болған жағдайда медициналық мамандардың қызметін, оның ішінде психологиялық көмек көрсетуге дайын. Қазіргі уақытта Алматыға Украинадан тағы да бір репатриациялық рейс келеді деп күтілуде. 

Қазір оқып жатыр

Ақбаян Мұқанғалиева емнен кейін балаларымен қауышты

Ақбаян Мұқанғалиева

Экс-министр Асхат Оралов «Әділет» партиясында жаңа қызметке ие болды

Асхат Оралов

Қазақстанда тонау және есірткі саудасымен айналысқан 22 қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті

Данияр Елеусіновтің әйеліне қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Данияр Елеусінов