USD
USD
USD

Украинадағы қазақстандықтарды Польша арқылы елге алдыру үшін 3 рейс ұйымдастырылады

Украинадағы Қазақстан азаматтарын Польша арқылы елге алдыру үшін 3 рейс ұйымдастырылады.

Украинадағы қазақстандықтарды Польша арқылы елге алдыру үшін 3 рейс ұйымдастырылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлім етті. «Украинадағы ахуал «қауіпсіздіктің жоғары тәуекелі бар» деп бағаланғанына және Украина әуе кеңістігінің жабылуына байланысты, «Эйр Астана» әуе компаниясы 2022 жылғы 24 ақпаннан 7 наурызға дейін Украинаға қатынайтын барлық тұрақты рейстерді тоқтатты.

Бұған дейін «Эйр Астана» Қазақстан мен Украина арасында жолаушылар тасымалын Алматы – Киев (аптасына 3 рейс), Нұр-Сұлтан – Киев (аптасына 1 рейс) бағыттары бойынша атқаратын. Қазақстан азаматтарын елге әкелу үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен, ҚР Украина мен Польшадағы Елшіліктерімен, сондай-ақ «Эйр Астана» әуе компаниясымен бірлесіп, Катовице (Польша) - Атырау бағыты бойынша репатриациялық рейстерді ұйымдастыру мәселесін пысықтады. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, репатриациялық рейстерді ұйымдастыруға арналған шығындар мемлекет есебінен өтеледі», - деп жазылған «Эйр Астана» АҚ баспасөз қызметі мәліметінде. «Эйр Астана» осы келісім аясында А-321 үлгісіндегі, сыйымдылығы 179 орындық әуе кемесімен 3 рейс орындауды жоспарлап отыр.

Олар: 1) 28 ақпан Польша уақытымен: Атырау (08:45) – Катовице (09:00/10:30) – Атырау (19:20); Ал Нұр-Сұлтан уақытымен: Атырау (09:45) – Катовице (14:00/15:30) – Атырау (20:20).

2) 28 ақпан Польша уақытымен: Атырау (14:00) – Катовице (14:20/16:00) – Атырау (00:20+1), жергілікті уақыт. Ал Нұр-Сұлтан уақытымен: Атырау (15:00) – Катовице (19:00/20:30) – Атырау (21:20), уақыты Нұр-сұлтан қаласы.

«Үшінші рейстің кестесі қосымша хабарланады. ҚР Польшадағы консулының ақпаратыне сүйенсек, 28 ақпан күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Катовице қаласында Қазақстанның 80 азаматы (49 жолаушы және ҚР Украинадағы Елшілігінің 31 қызметкері) бар. Сондай-ақ, бүгін 116 қазақстандық азамат Украина-Польша шекарасынан өтіп, қазіргі уақытта Катовице әуежайына бет алды. ҚР азаматтарының Катовице қаласына келу уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат шамамен 07:00 деп белгіленген», - делінген «Эйр Астана» ұсынған ақпаратта.

Қазақстан Республикасының Польшадағы консулының әуе компаниясына берген ақпараты бойынша, 1-ші рейспен ҚР азаматтарын (116+49 адам) тасымалдау жоспарлануда. ҚР Украинадағы Елшілігінің қызметкерлері (31 адам) 2-ші рейспен ұшуды жоспарлап отыр.

«Сонымен қатар, мынадай проблемалар бар: 1) автомобильдердің көп жиналуына байланысты Киев қаласынан шығу қиын; 2) Украина мен Польша шекарасында адамдардың нөмірі қалың (шекарадан Катовицеге дейінгі қашықтық шамамен 400 шақырым)», - деп жазылған мәліметте.

Қазір оқып жатыр

Президент БАҚ пен желіде сән-салтанатты өмір мен «жеңіл ақша» культін дәріптеуді сынға алды

Желі

«Дәстүрлі медианың дәурені өтті» дегенмен келіспеймін – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Павлодар маңында Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонды

тікұшақ

Қазақстан Қытайдан жанар-жағармайды баж салығынсыз импорттауы мүмкін

Бензин, дизель