USD
USD
USD

Украинадағы қазақстандықтар Польша арқылы елге жеткізілмек

 Қазақстан Украинадағы азаматтарын репатриация рейсі арқылы елге жеткізбек.

Украинадағы қазақстандықтар Польша арқылы елге жеткізілмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қазақстанның Украинадағы Елшілігі хабарлайды. «2022 жылдың 25-26 ақпанында «Air Astana» әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыру жоспарлануда. Аталған рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады. Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етіледі. Азаматтардан мүмкіндігінше ертең Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті - Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.» делінген хабарламада.

Қосымша ақпарат алу үшін «Air Astana» өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49. Еске сала кетейік, бүгін Ресей президенті Владимир Путин Украина аумағында арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын айтты. Осыған байланысты Украина президенті Владимир Зеленский ел халқына үндеу жариялап, Украина аумағында әскери жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді. Айта кетейік, Қазақстан Украинадан ел азаматтарын эвакуациялап жатыр. Украинадағы күрделі жағдайларға байланысты қазіргі уақытта сол елдегі ҚР азаматтарына тұрғылықты жерлерінде болу және ҚР елшілігімен және консулдықтарымен тұрақты байланыста болу ұсынылады

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық