USD
USD
USD

Украинадағы ахуал: 137 әскери құрбан болды

  Украина тарапынан 137 сарбаз бен офицер құрбан болды. Тағы 316 әскери жарақат алған.

Украинадағы ахуал: 137 әскери құрбан болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский бейнежолдауында мәлімдеді. Сондай-ақ ол Қара теңіздегі Змеиный аралын қорғау жолында барлық жауынгердің ерлікпен қаза тапқанын және Отан үшін опат болғандарға «Украина Батыры» атағы берілетінін хабарлады. Ал премьер-министр Денис Шмыгаль Чернобыль аймағының Ресей әскерінің бақылауына көшкенін мәлімдеді.

Денис Шмыгаль, Украина премьер-министрі:

– Өкінішке қарай, Чернобыль аумағы мен атом электр станциясының барлық нысандары Ресей әскерінің бақылауына алынды. Аймақ басшылығының мәліметі бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Ресей әскерінің тарапынан құрбандар болғандар туралы соңғы ресми ақпарат әзірге жария етілген жоқ. Осының алдында «Украина 24» телеарнасы елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап, Ресейдің 50 сарбазы қаза тапты, 6 ұшақ атып түсірілді және 4 танкі талқандалды деп хабарланды.

Игорь Конашенков, РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

– Арнайы әскери операция жалғасуда. Осы сәтке дейін Ресейдің Қарулы күштерінің алдына қойылған барлық тапсырмалар сәтті орындалды. Украинаның 83 әскери нысаны істен шығарылды, 2 Су27, 2 Су-24 қшақтары, бір тікұшақ және 4 «Байрақтар» өздігінен ұшу аппараты жойылды. 

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттен 350 млн теңге алып, өндіріс ашпаған: Астанада алаяқтық әшкереленді

Адам ұрлау

1,6 млрд теңгелік тендерді құжатсыз өткізбек болған шенеунік сөгіспен құтылды

Шенеунік

Қазақстаннан мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға рұқсат берілмек

мұнай

Үлес көбейіп, қарыз қала ма? Шухрат Ибрагимов ERG-ден НЕГЕ енші алуда?

ERG