USD
USD
USD

Украинадағы қақтығыс аумағына тап болған қазақ жігіттерінің алды елге орала бастады

Украинадағы соғыс аймағында жүрген қазақ жігіттері Қазақстанға орала бастады.

Украинадан оралған қазақ жігіті
Фото: Мейірман Шекеев/Instagram

Астана, NEGE. Бұл жөнінде адвокат Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында хабарлады.

«Арнайы әскери операция жағдайына тап болған қазақстандық азаматтардың алғашқы он үші әскери міндеттен босатылды. Енді олардың елге оралуына еш құқықтық кедергі жоқ», – деп жазды қорғаушы.

Сондай-ақ қорғаушы әуежайда елге келген жігіттердің бірінің ата-анасымен қауышқан сәтінен бейнеүзінді жариялап, жігіттердің елге оралуына ат салысқан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Сыртқы істер министрлігі өкілдеріне ата-аналар атынан алғыс білдірді.

«Бұл – жай ғана қайту емес, ата-ананың көз жасы, отбасының үміті, баланың, Қазақстан азаматтарының елге оралуы», – дейді Мейірман Шекеев.

Украинадан нақты қанша азамат қайтарылғанын білу үшін редакция Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдады, әзірге жауап болмады.

Еске салсақ, қазан айының басында әлеуметтік желілерде соғыс жүріп жатқан аймақтарда жүрген қазақстандық жігіттердің елге қайтуға көмек сұраған өтініштері тараған еді.

Олардың арасында 2006 жылғы азаматтар Айнабек Келдібек пен Алмаз Қайсар бар. Айнабек Келдібектің жақындарының айтуынша, ол Ресейге жұмыс істеуге барған. Ал Алмаз Қайсар әскери полигонда жүргенін және Украинадағы соғысқа жіберілуіне бірнеше күн қалғанын айтқан.

Бұл ретте Сыртқы істер министрлігі соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтағы азаматтардың туыстарынан өтініштер түскенін, ведомство қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресей тарапымен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлаған еді.

Қазір оқып жатыр

Ленин бюсті: Алматының білім басқармасы мектептегі кездесуге түсініктеме берді

ЖИ

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФММ оқушылары үйіне шығарылды

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Отбасы банк ипотека рәсімдеу комиссиясын 1 млн теңгеге дейін көтереді

Отбасы банк

Мұнайға инвестиция салмақ болған ақтөбелік бойжеткен 4,3 млн теңгесінен айырылған

Алаяқтық