USD
USD
USD

Украинада жұмыссыздық белең алды

Карантин кезінде Украинадағы жұмыссыздар саны 200 мыңға артып, жарты миллион адамға жетті. 

Украинада жұмыссыздық белең алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал, сарапшылар: «ел бойынша қызметсіз қалғандардың саны 10 миллионға дейін жетуі мүмкін» деп болжайды. Елдегі жұмыссыздық қазына қаржысына да салқынын тигізіп отыр. Украинадағы жаппай карантин кезінде әр бесінші бизнес көзі жұмысын толығымен тоқтатуға мәжбүр болған. Әсіресе, кіші бизнес иелері: кафе, мейрамхана, спорт залдар мен шаштараз және сауда орындарын жалға алғандар жұмысшылар айлығын төлей алмай, дағдарысқа тап болған. Украина үкіметі карантин басталған мерзім: яғни 12 наурыздан бастап жұмыссыздар саны 197 мыңнан жарты млн адамға дейін жеткенін мәлімдейді. 

Украина билігі 12 мамырдан бастап карантин тәртібін жеңілдету жолдарын енгізді. Атап айтқанда, сұлулық салондары мен ашық аспан астындағы мейрамхана жұмысын жалғастыра алады. Ресми дерек: «жұмыссыздар саны жарты миллион» дейді. Бірақ елдегі экономика және бизнес саласының тәуелсіз сарапшылары: «карантин кезіндегі Украинада қызметсіз қалғандар 1 миллионнан 10 миллионға дейін артуы мүмкін», - деп пайымдайды.

Қазір оқып жатыр

Ыстамбұлда жеті қабатты ғимараттың үшінші қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Ыстамұлда опырылған ғимарат

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп