USD
USD
USD

Украинада жалпыға бірдей мобилизация басталды

  Владимир Зеленский Украинада жалпыға бірдей мобилизация басталғаны жайлы жарлыққа қол қойды.

Украинада жалпыға бірдей мобилизация басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған Ресей Федерациясының Украина аумағындағы әскери операциясы себеп. Бұл туралы Украина басшысының Ресми сайтында хабарланды. Шара жарлық заңды күшіне енгеннен кейін 90 күн ішінде жүзеге асырылуы керек. Зеленский әскери міндетті азаматтар мен резервте тұрғандардың барлығы әскер қатарына шақыртылуы керек деді. Сондай-ақ Украинаның күштік құрылымдары мен әскерін қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін көліктер тартылуы тиіс деді.

Сонымен қатар Зеленский НАТО-ға мүше елдер Украинаға қандай да бір кепілдік беруден бас тартқанын жариялады.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Бүгін мен 27 елдің көшбасшысынан Украина НАТО-ға кіре ме деп сұрадым. Біреуінен де нақты жауап алмадым. Ешкім бізге кепілдік берейін деп тұрған жоқ. Бірақ біз елімізді қорғауға дайынбыз. Ресеймен қауіпсіздік мәселесі жөнінде келіссөз жүргізуге қорықпаймыз. Дәл қазір біз НАТО-ға мүше емеспіз. 

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттен 350 млн теңге алып, өндіріс ашпаған: Астанада алаяқтық әшкереленді

Адам ұрлау

1,6 млрд теңгелік тендерді құжатсыз өткізбек болған шенеунік сөгіспен құтылды

Шенеунік

Қазақстаннан мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға рұқсат берілмек

мұнай

Үлес көбейіп, қарыз қала ма? Шухрат Ибрагимов ERG-ден НЕГЕ енші алуда?

ERG