USD
USD
USD

Украинада пластикалық пакеттерді тегін таратуға заңмен тыйым салынды

 Енді азық-түлік дүкендері мен супермаркеттердегі пластикалық пакет сатылатын болады. 

Украинада пластикалық пакеттерді тегін таратуға заңмен тыйым салынды
Фото: NEGE.kz

  Алматы, NEGE. Ал 2023 жылы Украина үкіметі целлофаннан мүлдем бас таруды көздеп отыр. Егер кәсіпкерлер заңды бұзып, бір реттік пластик пакеттерін тегін таратқан болса, оларға 130 доллардан 1300 долларға дейін айыппұл салынады. Голди Украинаға Англиядан келген, ол азық-түлік дүкеніне матадан жасалған сөмкемен баруды он жылдан бері әдетке айналдырған. Пластик пакеттері бұл елде тегін берілетінін көргенде  шошып әрі таңқалыпты.

 Енді «Полиэтилен пакеттерінің айналымын шектеу туралы заңның» бірінші кезеңі бойынша Украинада пластик пакеттерді тегін таратуға тыйым салынды.  Қазіргі күні бір целлофанның құны Украинада 1-ден 3 гривнаға дейін, яғни 48 теңгеге сатылады. Пластик пакеттерін азық-түлік дүкендерінде тегін таратқан кәсіпкер жазаға тартылады. Айыппұл көлемі 130 доллардан 1300 долларға дейін жетеді.

 Украина пластик пакеттерін пайдалануды шектеген және тыйым салған 87 мемлекеттің қатарына еніп отыр. Ал 2023 жылдан бастап ел үкіметі целлофанды айналымнан толығымен алып тастауды жоспарлайды. Қоғамның басым бөлігі мұндай жаңалықты қуана қабылдады. 

 «Полиэтилен пакеттерінің айналымын шектеу туралы заңның» екінші кезеңі бойынша 2023 жылы жұқа пластик пакеттер мен целлофандардың сатылымына толығымен шектеу салынады. Әр украиналық жылына қоқысқа 500-ге жуық целлофан пакет тастайды. Украинада оның 6 проценті ғана қайта өңделеді. 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

.

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы