USD
USD
USD

Украинада қазақ жауынгерінің рухына тағзым жасалды

Украинада қазақ жауынгері – Кеңес одағының батыры Серікбай Мүткеновты еске алып, рухына тағзым етілді, деп хабарлайды Елшілік.

Украинада қазақ жауынгерінің рухына тағзым жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 22 маусым Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде қаза болғандарды Еске алу және аза тұту күні Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дархан Кәлетаев Украинаның Резино ауылында орналасқан Кеңес одағының батыры Серібай Мүткеновтің ескертішіне гүл шоқтарын қойды.

342-атқыштар полкінің командирі Серікбай Мүткенов 1943 жылы қазан айында алғашқылардың бірі болып Днепр өзенінен өтіп, жау күштерін жоюға қатысып 1944 жылы 5 қаңтарда Резино маңындағы шайқаста қаза тапты.

Резино тұрғындары ауылды азат ету үшін қаза тапқан барлық майдангерлердің жарқын естелігін сақтайды.

Батырлардың есімдері ауыл орталығындағы обелискіде және әскери даңқ мұражайының стендтерінде көрсетілген. Солардың бірі қазақ батыры Серікбай Мүткенов.

Сондай-ақ оның ескерткіш тақтасы Резино орта мектебінің әскери даңқ бөлмесінде де орнатылған.

Қазір оқып жатыр

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

.

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Жақсылық Омар

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

.

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

.