USD
USD
USD

Украинада ешкімді қалдырмаймыз, барлық азаматтарды алып шығамыз – ҚР СІМ

 ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау қалай жүріп жатқаны туралы айтып берді.

Украинада ешкімді қалдырмаймыз, барлық азаматтарды алып шығамыз – ҚР СІМ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Украинада әскери әрекеттер жүріп жатыр. Және елден тек Қазақстан азаматтары ғана емес, басқа ел азаматтары да кеткісі келеді. Біз қазақстандықтар үшін бар жағдайды жасаймыз. Киевте 8 ғана дипломатымыз бар. Қазақстандықтарды Польша шекарасына жеткізуде елшілік өкілдері бірге барып жатыр. Бірақ, мамандарымыз жетпейді, елшілікте де біреу қалу керек. Отандастарымызды шекараға жеткізген соң, елшілік өкілдері қайтып келіп, келесі топ адамдарды жолға алып шығады», – деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Украина мен Польша шекарасында қазақстандықтарды елшіліктің өкілдері күтіп тұр. «Олар тізім бойынша біздің азаматтарды тексеріп, одан әрі шығарып салады. Шекарада 2 елдің де кеден қызметі шұғыл әрі төтенше режимде жұмыс істеп жатыр. Бастысы олар түсіністікпен қарайды және өте сыпайы. Біздің дипломаттар Украина қалалары мен Польша шекарасы арасында жанталасып жүр. Сондай-ақ, жедел желі жұмыс істеп тұрғанын еске салайын. Украина шекарасындағы ұзынсонар кептеліс 20-40 шақырымды құрайды. Біз ешкімді қалдырмаймыз, барлық азаматтарды алып шығамыз», – дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық