Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Украинада азық-түлік банкі деген жаңа жоба жұмысын бастады

Украинада әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмектесу үшін жаңа жоба іске қосылды.

Украинада азық-түлік банкі деген жаңа жоба жұмысын бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Украинаның Львов қаласында азық-түлік банкі атты жоба өз жұмысын бастады. Қоғамдық әлеуметтік бастаманы жергілікті мэрия, супермаркеттер және шағын дүкен иелері қолдады. Жоба мақсаты – мерзімі аяқталуға жақын қалған азық-түлікті әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы жанұяларға жеткізіп береді. Яғни күн сайын жүз отбасыға дейін көмек алады.

Жыл сайын Украина тұрғындары 7 млн тоннадан астам органикалық қалдықтарды қоқысқа лақтырады. «Ең өкініштісі, мұндай қалдықтардың мол бөлігі жеуге жарамды», - дейді Украинадағы азық түлік банкінің тең құрылтайшы директоры Иван Павлиш. Украинаның Львов қаласында ашылған азық түлік банкі экологиялық және әлеуметтік мәселені шешуді мақсат етеді. Демек, еріктілер алдын ала келісілген дүкен, супермаркет, тіпті сүт зауыттарынан бүгін-ертең жарамдылық мерзімінен шығатын ет, сүт әрі нан өнімдерін алып, оларды мұқтаж жандарға жеткізумен айналысады.

 Азық-түлік банкінің ерікті жұмысшылары небәрі екі аптада 1 тоннадан астам тамақ түрлерін әлеуметтік аз қамтылған жанұяларға жеткізген екен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жоба Германия, Франция, Англия мен Испанияда сәтті жұмыс жасап келеді, әлеуметтік желі мен сайттардың да қызметі жолға қойылған. Әзірге украиналық жобаны жергілікті дүкендер мен сүт фирмалары қолдаған және жергілікті мэрия 240 шаршы метрге жуық ғимаратты қолдануға берген, қазір мұнда жөндеу жұмыстары жүруде. Жоба қаладағы қайырымдылық қорларымен де тығыз байланыста.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық