USD
USD
USD

Украинада әлі де Қазақстан азаматтары бар

Украинада әлі де Қазақстан азаматтары қалып отыр.

Украинада әлі де Қазақстан азаматтары бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты. «Ең алдымен, Елшілігіміз Киевтен Львовқа қоныс аударды. Ол эвакуацияланған жоқ, жұмысын жалғастырып жатыр», - деді вице-премьер Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол Украинаның соғыс жүріп жатқан өңірлерінде Қазақстан азаматтарының қалып қойғанын атап өтті.

«Соғыс іс-қимылдары жүріп жатқан ең қауіпті жерлерде, аумақта азаматтарымыз әлі де бар және оларды шығару мәселесі тұр. Қазіргі уақытта гуманитарлық дәзілдің ашылуын күтіп отырмыз. Ол жайында украиндық және ресейлік тарап арасында келіссөз жүргізіліп жатыр. Мүмкіндік туған сәттен-ақ аталған гуманитарлық дәліз арқылы сол жақта қалып қойған азаматтарымызды эвакуациялаймыз», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық