USD
USD
USD

Украинада 230-дан астам бала Ресей әскерінің шабуылынан қаза тапты

24 ақпаннан бері Украинада ресейлік әскерилердің шабуылынан 230-дан астам бала қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Украинада 230-дан астам бала Ресей әскерінің шабуылынан қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "2022 жылдың 19 мамырына дейін жиналған ақпарат бойынша Украинада Ресей Федерациясының қарулы агрессиясының салдарынан 658-ден астам бала зардап шекті. Ювеналды прокурорлардың ресми мәліметі бойынша 231 бала қаза болып, 427-ден астамы жарақат алған. Бірақ одан да көп болуы мүмкін, өйткені уақытша басып алынған және босатылған аумақтардағы қақтығыс орындарында құрбандарды санау жұмыстары жүргізілуде", - деп жазылған Украинаның Бас прокурорының хабарламасында.

Құрбандар саны ең көп тіркелген: Донецк облысы -144, Киев - 116, Харьков - 100, Чернигов - 68, Херсон - 48, Луганск - 47, Николаевская - 44, Запорожье - 28, Сумская - 17, Киевте - 16, Житомир - 15.

Ресей Федерациясының Қарулы Күштері Украина қалалары мен ауылдарын бомбалау мен ату салдарынан 1828 білім беру мекемесі зардап шекті. Оның 171-нің күл-талқаны шықты.

Қазір оқып жатыр

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян

«Вашингтон моделі» БҰҰ аясындағы халықаралық келісімге негіз болуға лайық – Тоқаев

Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес отырысы

Тұңғыш алтын: таеквондошы Тамирлан Тілеулес Азиадада тарихи жеңіске жетті

Тамирлан Тілеулес