USD
USD
USD

Украинада қазақстандық оппозиционер Айдос Садықовқа қастандық жасалды

Киевте Ярмола көшесіндегі метро стансасының жанында оппозиционерге оқ атылды.

Айдос Садықов
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Ер адам әйелімен бірге көлігіне жақындағанда белгісіз ер адам тапаншамен атып кеткен. Жапа шеккен қазақстандық белсенді Айдос Садықов екені белгілі болды.

«Әйелі зардап шеккен жоқ. Ер адамның жағдайы әлі белгісіз. Полиция оқ атқан адамды іздеп жатыр» делінген хабарламада.

Киевте оқ тиген адамның 2014 жылдан бері Украина астанасында тұрып, босқын мәртебесін алған белгілі қазақстандық оппозиция өкілі, журналист Айдос Садықов екенін айтылады.

2023 жылдың қазан айында ол Қазақстанда «әлеуметтік, ұлттық, рулық, таптық немесе діни араздық қоздырды» деген айыппен іздеуге жарияланған болатын.

Бұған дейін ол Қазақстанда елінде бұзақылық жасағаны үшін екі жыл түрмеде отырған. Садықовтың өзі бұл істі ойдан шығарылған және оның саяси қызметіне байланысты деп атады.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі