USD
USD
USD

Украинада қазір 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін – СІМ

ҚР СІМ Ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы жағдайға қатысты және ондағы қазақстандықтар туралы пікір білдірді.

Нұртілеу
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Алматы, NEGE. «Украинадағы Елшілігіміз штаттық режимде жұмыс істеп келеді. Сыртқы істер министрлігінде әлемдегі жағдайға мониторинг жасайтын арнайы Ахуалдық орталық бар. Біздің мәліметімізге сәйкес Киевтегі шетелдік дипломатиялық корпус өз жұмысын жалғастыруда және азаматтарын эвакуациялап жатқан жоқ. Қазақстандықтардан да эвакуациялау бойынша өтініштер түскен жоқ және қазіргі уақытта арнайы ұшақтарды жіберу жоспарда жоқ», – деді ресми өкілі.

Оның айтуынша, екі жылдан асқан соғыс кезінде елдегі кетемін деген азаматтар елден шығып кеткен. Украинада қазір 300-ге жуық Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Алайда нақты санын айту қиынға соғады.

Ресми өкілдің мәлімдеуінше, қазақ дипломаттары отандастарымыздан өтініш түскен жағдайда барлық қажет көмекті көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Депутат: ҰБТ-дағы өзгерістер оқушыларға қосымша стресс әкелуі мүмкін

тест

Атырауда жаңа полиция басшысы тағайындалды

Айдар Қасанов

Президент қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

жанабыловтар