USD
USD
USD

Украина ұшағы бойынша айыпталған 6 адам ұсталды

  Cот билігінің өкілі Голамхосейн Эсмаили осы уақытқа дейін Украина ұшағының құлауына қатысты ұсталған 6 айыпталушының үшеуі кепіл сома төлеп қамаудан шыққанын, тағы үшеуі қамауда екенін мәлімдеді. Бұл туралы ИРНА агенттігі хабарлайды.

Украина ұшағы бойынша айыпталған 6 адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сот билігі, атап айтқанда, қарулы күштердің сот ұйымы Украина ұшағының құлауына қатысты іске жауапты. Оқиға орын алған соң бірден бұйрықтар шығарылып, Қарулы күштер Сот ұйымының арнайы тармағы тағайындалды», - деді ол. Сәрсенбі, 8 қаңтар күні, Тегеран астында Украина әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінде 176 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі болған. Тыңшыға өлім жазасын тағайындау мәселесіне қатысты сұраққа сот билігінің өкілі: «Махмұд Мусави Маджд Моссадпен байланыста болып, сондай-ақ Орталық барлау басқармасына әсіресе қарулы күштердегі қауіпсіздік мәселелері жайында ақпарат беріп отырған», - деп мәлімдеді. «Ол шетелдіктерге генерал Кассем Сулейманидің жүрген жері туралы ақпарат берген, сот шешімімен өлім жазасына кесілді. Жақында Жоғарғы соттың екінші бөлімі өлім жазасына кесу үкімін мақұлдады. Үкім алдағы уақытта орындалады», - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, биылғы 8 қаңтарда Тегеран уақытымен 6:00-де Имам Хомейни атындағы әуежайдан Тегеран-Киев бағытымен ұшып шыққан «Украина халықаралық әуе желілері» әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 177 адам болған: 168 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі. Оның ішінде Иранның – 82, Канаданың - 63, Украинаның - 2 + 9 (экипаж), Швецияның – 10, Ауғанстанның – 4, ГФР-дың – 3, Ұлыбританияның 3 азаматы болды. Олардың барлығы қаза тапты. Ұшақ апатына байланысты жауапкершілікті Иранның әскери-саяси құрылымы - «Ислам революциялық ұландар корпусы» өз мойнына алды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза