USD
USD
USD

Украина соғыстың жаңа кезеңін жариялады

Украина Ресейге қарсы соғыстың жаңа кезеңін бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Украина соғыстың жаңа кезеңін жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резниковтың айтуынша, Ресей стратегиялық жеңіліске ұшырады. Себебі 9 мамырға дейін Украина мемлекетін жойып жібере алмады.
Резников Украинаның қорғаныс әлеуетін арттырып, 1 миллион адамды қару-жарақпен және техникамен қамтамасыз етуге уәде берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 1,5 мыңға жуық украиналық сарбаз Украинаға Батыс елдерінен көмек ретінде жеткізілетін техниканы пайдалану бойынша нұсқаушы мамандығын меңгеруде.
Қорғаныс министрлігінің басшысы Украинаны өте қиын апталар күтіп тұрғанын ескертті, бірақ соғыс қимылдарында бетбұрыс болатынына үміт білдірді.
«Ресейге қарсы санкциялардың күшеюі және алдағы бірнеше ай ішінде Украинаға сыртқы көмектің ұлғаюы Кремльдің кез келген табысқа жету мүмкіндігінен айырылатындай жағдай туғызуы керек. Сонда Украина үшін жаңа мүмкіндіктер жолы ашылады», - деді ол.
 

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру