USD
USD
USD

Украина Ресеймен келіссөзді Беларусьте өткізуге келісті

Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздер Беларусь-Украина шекарасындағы Гомель облысында өтеді.

Украина Ресеймен келіссөзді Беларусьте өткізуге келісті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Украина делегациясы Гомель облысында Ресеймен келіссөздер жүргізуге келісіп, сонда кетті. Бұл туралы жексенбі, 27 ақпанда Беларусьтің Ұлттық баспасөз орталығы саясаткер Юрий Воскресенскийге сілтеме жасап хабарлады. 

"Мендегі ақпарат бойынша, президент Зеленский президент Лукашенкоға хабарласты. Лукашенко Зеленскийді Украинаның мемлекеттік егемендігін сақтайтынын айтты, ал Украина делегациясы қазір Гомельге қарай шығады", - деді Воскресенский.

РИА Новости мәліметінше, Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский украин тарапының Беларусьте келіссөздер жүргізуге келіскенін растады.

Қазір оқып жатыр

Павлодар маңында Ми-8 тікұшағы апатты жағдайда қонды

тікұшақ

Қазақстан Қытайдан жанар-жағармайды баж салығынсыз импорттауы мүмкін

Бензин, дизель

Қорғаныс министрлігі Ербаян Мұхтардың қазасына қатысты пікір білдірді

Ербаян Мұхтар

Қазақстаннан Қырғызстанға құны 37 млрд теңге болатын 190 мың тонна бензин заңсыз шығарылған

бензин контрабандасы