Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Украина Ресейге қарсы санкцияларды күшейтті

Украина үкіметі Ресейге қарсы салынған санкцияларды күшейтіп, елден бидай, қара бидай және күнбағыс майын әкелуге тыйым салды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Украина Ресейге қарсы санкцияларды күшейтті
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.   Қаулы министрлер кабинетінің сайтында жарияланды. Құжатта Украинаға әкелуге тыйым салынған тауарлардың тізіміне аталған тауарлардан бөлек газет және дәретхана қағазы, крафт қағазы, косметикалық майлықтар, қол сүлгілері, дастархан, жуғыш заттар, жәшіктер, қораптар, сөмкелер, пакеттер, бұрғылау құралдары, дөңгелектер енгізілгені жазылған. Қаулы жарияланғаннан кейін он күн өткен соң шектеу күшіне енеді. Украина, АҚШ және Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер 2014 жылы Қырымның Ресейге қосылуы және Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысқа байланысты Мәскеуге қарсы экономикалық шектеулер жариялаған еді. Бұл елдер түбектің материктік Ресейге қосылуын аннексия дей отырып, өткізілген референдумның нәтижесін мойындаудан бас тартты. Санкциялар бірнеше рет ұзартылған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті