USD
USD
USD

Украина Ресей әскерінің шығындарын жариялады

 Украина қарулы күштерінің бас штабы Ресей әскерінің шығындары туралы ақпар таратты.

Украина Ресей әскерінің шығындарын жариялады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәліметке қарағанда соңғы 10 күнде Ресей тарапы 10 мың сарбазынан айырылған. 88 ұшақ пен тікұшағы жойылып, 269 танкі, 105 зеңбірегі және 400-ден аса әскери көлігі талқандалған. Украина жаяу әскері басшылығы Харьков қаласы маңында талқандалып қолға түскен техниканың бір бөлігін бейнежазбаға түсіріп көрсетті.

Ресей әскерилері Херсон қаласы маңындағы Украина қарулы күштерінің әскери базасын басып алғанын мәлімдеді. Осы елдің Қорғаныс министрлігі украиналық сарбаздар бекіністерінен асығыс тастап, базада қару-жарақтары мен техникасын қалдырып кетті дейді. Жалпы әскери қақтығыста Ресей Украинаның 2 мыңнан аса әскери инфрақұырылымын істен шығарып, 90 ұшақ, 748 танк пен өзге де әскери көліктерін, 76 реактивті атқылау жүйесін және 274 зеңбірегі мен минометін талқандағанын айтады 

Қазір оқып жатыр

Бұралқы иттерге қатысты заң Президентке жолданды

Ит

Ақсудан соң Алматыда не болмақ?

.

Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар 5 жылға сотталуы мүмкін

Жаеуарларға қатыгездік таныту

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Заң