USD
USD
USD

Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс салдарынан әлемді қымбатшылық жайлады

  Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс салдарынан әлемді қымбатшылық жайлап барады.

Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс салдарынан әлемді қымбатшылық жайлады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мысалы, Еуропада азық-түлік пен жанар-жағармайдың құны аспандап тұр. Испанияда мұнай мен газдың бағасы шарықтаған. Аймақта электр жарығы екі есе қымбаттады. Қымбатшылықтан елде инфляция деңгейі өскен. Жуырда Испания премьер-министрі Педро Санчес зардап шеккен кәсіпкерлерге субсидия бөлінетінін уәде етті.

Жергілікті билік енді  жаңа энергетикалық серіктес іздеп, дәнді дақылдарды импорттайтын мемлекеттер табу керек. Ресейдің өзінде де жағдай мәз емес. Экономикалық санкциялардың салқыны барлық салада айқын сезіледі. Тіпті балаларға арналған тауарлар екі есе қымбаттаған.  Көптеген шетелдік компаниялар мен корпорациялар Ресейдегі жұмысын тоқтатты. Жуырда Владимир Путин зардап шеккен кәсіпкерлерге жаңа экономикалық көмек пакетін жариялады.
 

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян