Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Украина мен Молдова Еуроодаққа үміткер елдер мәртебесін алды

 Брюссельде өткен Еуропа одағы саммиті Украина мен Молдоваға одақ мүшелігіне кандидат статусын беру туралы шешім қабылдады.

Украина мен Молдова Еуроодаққа үміткер елдер мәртебесін алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұрынғы кеңестік екі республиканың ЕО мүшелігіне өтінімдері рекордтық қарқынмен қаралды. Еуроодақ төрағасы бұл елдердің Еуропалық Одақтағы критерийлерге сай болу үшін үлкен өзгерістер жасап, кемшіліктерді түзету керек екенін ескертті. Саммитте сөз сөйлеген Франция президентті Эммануэль Макрон Одақтың Украинаға практикалық көмек көрсеткенін атап өтті. «Біз жылдам, тарихи маңызды және біртұтас шешімдер қабылдадық. Украинаға макроэкономикалық, әскери, қаржылық қолдау көрсеттік, енді осы саяси қимылмен қолдау білдірудеміз», – деді Франция президентті Эммануэль Макрон.

Еске сала кетсек, бұған дейін Еуроодақтың Киевке кандидат мәртебесін бергісі келетіні туралы хабарланған.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық