USD
USD
USD

Украина қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мәлімдеме жасады

Алексей Данилов Украинаға тағы да қару-жарақ жөнелтуге шақырды.

Украина қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Киев қазір Ресеймен табан тірескен күрес жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды.

"Қазір біз табан тірескен шайқас (екі жақ шабуыл, бекініс шебін қорғап аңдысу) жүргізіп жатырмыз. Бұл кезде бірде-бір тарап артықшылықты пайдалана алмайды. Бұл бізге артықшылық беретініне сенімдіміз", - деді ол Жапонияның NHK телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар Данилов Украинаға тағы да қару-жарақ жөнелтуге шақырды.

"Бізге қару-жарақ, қару-жарақ және тағы да қару-жарақ қажет. Егер кешіксе, сәйкесінше, жеңіске жету жолында белгілі бір кідіріс болады", - деді ол.

Бұған дейін Украина армиясының бас қолбасшысы Валерий Залужный Economist журналына берген сұхбатында қақтығыстың тығырыққа тірелгенін айтып, "қорғаныс шебін тереңдете бұзу жоспары орындала қоймайтынын" мойындаған. Кейін Владимир Зеленский "бұл тығырыққа тірелу емес" деп мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар