USD
USD
USD

Украина кәсіпкерлері Қазақстанмен сауда байланысын бекемдейді

Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты Украина билігі карантинді 1 қарашаға дейін ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Украина кәсіпкерлері Қазақстанмен сауда байланысын бекемдейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Пандемия Қазақстан мен Украина арасындағы сауда байланысына да салқынын тигізді. Бірінші жартыжылдықтағы көрсеткішке сай екі елдің тауар айналымы 30%-ке дейін төмендеген. Сондықтан Украина мен Қазақстанның кәсіпкерлер одағы және елшілік бірігіп, екі елдің бизнес байланысына серпін беруді жоспарлап отыр. Ол үшін үш тарап Киевте кездесіп, екі елдің кәсіпкерлері қатысатын жобалық онлайн кеңсесін ашуды қолға алды.

Қараша айында Украина мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның 14 отырысын өткізу жоспарлануда. Екі тараптың қос төрағалары анықталды. Украина тарапын экономикалық даму, сауда және ауыл шаруашылығы министрі Игорь Петрашка, Қазақстан тарапын Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов басқармақ. Мемлекетаралық комиссия отырысы алдында екі елдің бизнес форумы ұйымдастырылады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар