Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Украина індетпен күреске студенттерді тартты

Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 коронавирусымен күресу үшін медициналық университеттердің  студенттерін тартуды жоспарлап отыр. Бұл шараға сырттай оқитындар да қатысады. 

Украина індетпен күреске студенттерді тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бұл туралы Украина Денсаулық сақтау министрінің орынбасары, Украинаның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Виктор Ляшконың сөзіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.

«Украинаның Денсаулық сақтау министрлігі медициналық жоғары оқу орындарын ынтымақтастыққа шақырады. Біз бұл шараға, сырттай оқитын интерндерді, сонымен қатар, 5 және 6 курс студенттерін тартамыз. Студенттерді өздері білім алып жатқан оқу орындарындағы жауапты адамдармен байланыс орнатуға шақырамыз. барып, жергілікті дәрігерлерге украиндықтардың өмірін сақтап қалуға көмектесіңіздер», - деді Ляшко.

Еске сала кетейік, Украина үкіметі барлық оқу орындарындағы жастарды 12 наурыздан 3 сәуірге дейін босатқан. Елде қоғамдық шараларды өткізуге тыйым салынды. Сейсенбіден бастап метро жабылды. Қоғамдық көліктер оннан артық жолаушыны тасымалдамайды. Әрі жолаушының барлығы да бетперде киюлері керек.

Соңғы деректер бойынша, Украинада 47 адам індет жұқтырған. Олардың 3-еуі көз жұмса, 1 адам сауыққан.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА