USD
USD
USD

Украина елшісі Петр Врублевский Қазақстаннан кететін болды

Украина елшісі Петр Врублевский Қазақстаннан кететін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Украина елшісі Петр Врублевский Қазақстаннан кететін болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кетейік, Петр Врублевскийдің қазақстандық блогерге берілген сұхбаты үлкен дау тудырған. Сұхбат барысында Украина елшісі ресейліктерді мейілінше көбірек өлтіруге шақырған.  

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәжіліс кулуарында Украинаның сыртқы істер министрлігі жаңа елші тағайындау туралы өтініш жібергенін мәлім етті. Олардың өтініші қарастырылып жатыр. 

“Біз Мария Захарованың (РФ СІМ ресми өкілі) сөзіне түсінбеушілікпен қараймыз. Өйткені оның айтқан сөздері Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестік сипаттағы қатынастарға қайшы келеді”, – деді Айбек Смадияров. Бұл мәлімдеме ресейлік шенеуніктерді тікесінен тік тұрғызды. Олар дереу елшіні қызметінен босатып, Қазақстаннан шығару керектігін талап еткен. 

Кеше Ресей дипломатиялық ведомствоның ресми өкілі Мария Захарова Қазақстан елшісі Ермек Көшербаевты шақыртып, Петр Врублевскийдің айыптауларына қатысты ресми Астананың еш әрекет етпегеніне наразылық танытты.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев