USD
USD
USD

Украина экономикасы 40 пайызға құлдырады

  Қарулы қақтығыс салдарынан Украина экономикасы құлдырап барады.

Украина экономикасы 40 пайызға құлдырады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл бұл елдің жалпы ішкі өнімі 40 пайызға азаюы мүмкін. Жуырда Украинаның экономика министрлігі осындай болжам жасады. Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында ғана жалпы ішкі өнім 16 процентке қысқарады екен. Ең көп әуе саласы, теңіз тасымалы мен қызмет көрсету салалары зардап шегіп жатқаны айтылды.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласы да айтарлықтай шығынға ұшырап жатыр. Себебі Украина әлем бойынша бидай мен жүгеріні ең көп экспорттайтын елдер қатарында. Еуропалық қайта құру банкінің хабарлауынша, әскери іс-қимыл кесірінен елдегі кәсіпорындардың үштен бірі жұмысын тоқтатқан. Ел билігінің есебінше, бүгінге дейін келтірілген шығын 1 триллион доллардан асады. Соның салдарынан қазір Украина халқы әбден қиналып жатыр. Жұрт бас сауғалап, қауіпсіз жерге үдере көшуде. 

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян