Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Украина Ан-26 әуе кемесінің ұшуына тыйым салды

 Өткен түнде Харьков облысында Украина қарулы күштеріне тиесілі Ан-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады.

Украина Ан-26 әуе кемесінің ұшуына тыйым салды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әуе көлігі Чугуев қаласының әуежайына қонар кезде құлаған. Ұшақ бортында Харьковтегі әскери университеттің 27 офицері мен курсанты болған. 25 адам апат орнында қаза тапты. Ауыр жарақат алған екі кісі ауруханаға жеткізілді. Бүгін олардың біреуі көз жұмғаны белгілі болды. Апаттың нақты себебі әлі анықталған жоқ. Жерге құлар алдында ұшақ пилоты бір қозғалтқышы істен шыққанын хабарлапты.

Жаттығу өткізген ұшақ 10 мәрте ұшып, жерге қонуы тиіс болатын. Қайғылы оқиғаға қатысты іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Украина президенті Владимир Зеленский Харьков облысына келіп, төтенше мәжіліс өткізді. Ол бүгін ұлттық аза тұту күнін жариялады. АН-26 үлгісіндегі барлық ұшақтардың ұшуына уақытша тыйым салды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы мұнай-газ кәсіпорнында жоспардан тыс тексеріс басталды

жоспардан тыс тексеру

​Назарбаевтың кезінде тарихшылар тоғыз ай жалақысыз отырған – Жақсылық Сәбитов

Жақсылық Сәбитов/Decaf

Қарағандыда 56 жастағы тиктокер әйел болып киініп, балалармен таныспақ болған

стример

Алматының тау бөктерінде 9 қабаттан биік ғимараттар салуға қандай жағдайда рұқсат беріледі?

жалған тәжірибе, мемлекеттік сатып алу