10 Тамыз 18:45
...

Украина мен ЕО елдері соғысты тоқтату жөнінде өз жоспарларын ұсынды

Зеленский
Фото: ғаламтордан
Украина мен ЕО елдері  Ресей тарапынан бұған дейін ұсынылған Донбасстан бас тарту арқылы соғысты тоқтату шартын толықтай қабылдамады, деп хабарлайды The Wall Street Journal.

Алматы, NEGE. Еуропа мен Украинаның жоспары 9 тамызда Ұлыбританияда АҚШ өкілдерімен өткен кездесуде ұсынылды.

Еуропа елдерінің басшылары мен Зеленскийдің ұсыныстары мынадай:

Алдымен — соғыс қимылдарын толық тоқтату, содан кейін ғана өзге қадамға бару;

территория алмасу тек теңдік қағидаты бойынша: «егер Украина кейбір өңірлерден әскерін шығарса, Ресей де өз әскерін басқа өңірлерден шығаруы тиіс». 

Киев қауіпсіздік кепілдіктерін алуы тиіс, оның ішінде егер қандай да бір ымыраға келіссе НАТО-ға кіру мүмкіндігі де бар.

БАҚ хабарлауынша, 6 тамызда Трамптың арнайы өкілі Уиткоффпен кездесуде Путин өз талаптарын айтқан. Олардың айтуынша Мәскеу тарапынан әскери әрекеттерді толық тоқтату — Луганск, Донецк және Қырымды Ресей аумағы ретінде мойындау талабына байланысты.

Осыған жауап ретінде Киев «Біз жерімізді сыйға тартпаймыз», өйткені Украинаның тағдырын онсыз шешетін әрекеттер болуы мүмкін деген қауіп бар, деп өз ұстанымын нақты білдірді.

«Украина бейбітшілікке әкелетін нақты шешімдерге дайын. Бірақ біздің қатысуымызсыз қабылданатын кез келген шешім — бұл соғысқа қарсы емес, Украинаға қарсы шешім. Олар ештеңе бермейді. Бұл — жансыз шешімдер», — деді Украина президенті Владимир Зеленский. 

Франция президенті де бұл ойды қолдап, Украин халқының тағдырын оларсыз шешуге болмайтынын ескертті. Оның айтуынша, Еуропа елдері бейбіт процесте белсенді рөлін жалғастыра береді, өйткені бұл олардың қауіпсіздігіне тікелей қатысты.

«Біз Украинаға қолдау көрсетуге белді бекем буып отырмыз. Бұл жолда біз ынтымақ пен мүдделестер коалициясының күш-жігеріне сүйенеміз», — деді Эммануэль Макрон.