USD
USD
USD

Украина майдан шебіндегі сарбаздарға берілетін сыйақы мөлшерін көбейтті

Украина билігі "Контракт 18-24" бастамасының ауқымын кеңейтті.

Украина
Фото: pixabay

Алматы, NEGE. Енді бастама 25 жасқа дейінгі ерікті әскери қызметке кірген барлық сарбаздарға қолданылмақ.

Заңға сәйкес, әскери қызметшілер 1 миллион гривен көлемінде сыйақы алуға құқылы.

Украина Қорғаныс министрлігі бұл сыйақыны алу құқығы бар әскери қызметшілердің негізгі шарттарын атады. Олар:

25 жасқа дейінгі азаматтар әскери жағдай кезінде қызметке алынған немесе келісімшарт бойынша армияға кірген болуы керек.

Кемінде 6 ай соғыс аймақтарында тікелей жауынгерлік әрекеттерге қатысқан болуы тиіс (2025 жылдың 13 ақпанына дейін).

Қазіргі уақытта қызметін жалғастырып жатуы керек (2025 жылдың 13 ақпанына дейінгі үкімет қаулысы күшіне енген сәтте).

Әскери тәртіп бұзушылықтар бойынша екі немесе одан да көп рет қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған болуы тиіс.

  • Егер сарбаз 6 айға жетпейтін мерзімде соғысқа қатысып, жарақат алса немесе тұтқынға түссе (еріксіз жағдайда), ол да толық көлемде 1 млн грн төлем алады.
  • Бұл сыйақы бір реттік төлем ретінде беріледі және жауынгердің банк картасына аударылады.
  • Төлемдерді рәсімдеу әскери бөлім командирлеріне жүктеледі. Олар қажетті құжаттарды жинап, әскери қызметшінің бұрынғы бөлімшелерінен сұрау жіберу арқылы мәліметтерді толықтыруы тиіс.

Бұл шешім әскери қызметке ерікті түрде қосылған жастарды ынталандыру және әскердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту мақсатында қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай