USD
USD
USD

Украин тағамы ЮНЕСКО тізіміне енді

Украинаның борщ әзірлеу дәстүрі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Ұйымның ресми сайты.

Украин тағамы ЮНЕСКО тізіміне енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл шешімді ЮНЕСКО Конвенциясына мүше-мемлекеттердің өкілдері кіретін Материалдық емес мұраларды қорғау жөніндегі үкіметаралық комитет қабылдады. Комитеттің атап көрсетуінше, «елдегі жағдай бұл элементтің өміршеңдігіне қауіп төндіріп тұр.

Себебі, адамдардың борщке қажетті жемістерді өсіріп, оны әзірлеуге мүмкіндігі жоқ. Дәстүрді жалғастыру үшін бірге жинала алмай да қалды». Украина борщы 2020 жылы елдің материалдық емес мәдени мұралары тізіміндегі элементтер қатарына қосылған.

Ал, Ұйымның репрезентативтік тізіміне енгізу мәселесі Комитет отырысында 2023 жылы қаралуы керек болған. Алайда, Украина тарапы Комитеттің мүше-мемлекеттеріне мәселені жедел қарау жөнінде өтініш түсірген. Ұйым сайтындағы ақпаратқа сәйкес, аталған тізімге енгізілуі борщ әзірлеудің украиндықтар арасында әлеуметтік және мәдени маңыздылығы барын көрсеткенімен, бұл мұраға меншік иелігі туралы құқық бермейді.

Жалпы, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне 2013 жылдан бері Украинадан төрт элемент енгізілген. Осы жылғы сәуірде ЮНЕСКО Украинаның мәдени мұрасына қауіп төніп тұрғанын айтып, дабыл қаққан еді.

Қазір оқып жатыр

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы