USD
USD
USD

Үкіметтің өзі қарызға батып отыр: Мәжілісте мемлекеттік борыш мәселесі талқыланды

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Станбеков үкіметтің азаматтардан қаржылық ұқыптылықты талап ете отырып, өзі борышты өтеуге тым көп қаржы жұмсайтынын сынға алды.

.
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Астана, NEGE. Депутаттың айтуынша, мемлекет азаматтардың несиеге батуын шектегенімен, өзінің борыштық жүктемесін азайтуға асығар емес. 2025 жылы Қазақстанның мемлекеттік борышы 2024 жылмен салыстырғанда 4,8 триллион теңгеге өскен.

«Егер біз азаматтардан қаржылық тәртіпті талап етсек, онда мұндай тәртіп, ең алдымен, мемлекет деңгейінде қамтамасыз етілуі керек. 2025 жылы қарызға алынған 8,2 триллион теңгенің 51 пайызы, яғни жартысынан астамы, даму мақсаттарына емес, бұрыннан бар борыштарды қайта қаржыландыруға және ағымдағы шығындарды жабуға жұмсалды», – деді депутат.

Бұл сауалға қаржы министрі Мәди Такиев жауап берді. Оның сөзінше, қазіргі таңда мемлекеттік борыш көлемі 36,4 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің шамамен 22,8 пайызын құрайды. Бұл белгіленген қауіпсіз шектен, яғни ЖІӨ-нің 34 пайызынан әлдеқайда төмен.

«Қазіргі таңда мемлекеттік борышымыз басқарылатын деңгейде және әзірге қандай да бір жағымсыз салдар байқалып отырған жоқ», – деді Такиев.

Сондай-ақ министр еліміз қарыз портфелін әртараптандыру үшін Қытай нарығына шыққанын айтты. Оның сөзінше, 500 млн доллар көлеміндегі қаражат 1,9 пайыздық төмен мөлшерлемемен панда-облигациялар арқылы тартылған.

Такиевтің айтуынша, үкімет осылайша квазимемлекеттік сектор үшін бағдарлық көрсеткіш қалыптастырды.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет қаржыландырған фильмдер келесі жылы прокатқа шығады

заң

«Самұрық-Қазынаның» «Қазақстан халқына» қаржыны толық аудармауына не себеп?

самұрық

Квазимемлекеттік сектордан түсетін салық неге азайып кетті?

Квазимемлекеттік сектор

Салық дауларының басым бөлігі төлеушілердің пайдасына шешілді

Салық