USD
USD
USD

Үкіметте өткен кеңесте ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне ЖИ енгізу мәселелері талқыланды

Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының қызметіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізу мәселелері бойынша жиын өтті.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Оған орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, салалық бірлестіктер және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары қатысты. Күн тәртібінде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда жасанды интеллектіні енгізудің ағымдағы мәртебесі, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негізінде өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, өнеркәсіпте жасанды интеллектіні қолдану тәжірибесі және оны одан әрі дамыту жоспарлары қаралды.

«Жасанды интеллектіні енгізу – бұл жай ғана технологияларды жаңғырту емес, бүкіл экономика үшін стратегиялық қадам. Қазақстан өз өнеркәсібінің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті жеке сараптамасы мен шешімдерін қалыптастыруы тиіс»,

— деп атап өтті Роман Скляр.

Отандық технологиялық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ озық әлемдік тәжірибемен алмасуды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Жоспарланған шараларды жүзеге асыру өндірістік үдерістердің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар технологиялық жаңғыртуға, өнімділіктің өсуіне және Қазақстанның индустриялық даму көшбасшылары қатарындағы позициясын нығайтуға тұрақты негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли