USD
USD
USD

Үкіметте негізгі энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын, оның ішінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларын орындау аясында негізгі энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Кеңес барысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов баяндама жасады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның электр энергиясымен өзін-өзі толық қамтамасыз етуіне қол жеткізу және резервтерді қалыптастыру міндетін қойды. Негізгі энергетикалық жобаларды жүзеге асыру – экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық міндет. Энергожүйенің тұрақты әрі болжамды жұмысы өнеркәсіптік өсім мен өңірлердің дамуына негіз болып, жаңа жобалардың, оның ішінде цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу бағытындағы жобалардың іске қосылуына жағдай жасайды. Жаңа қуаттардың белгіленген мерзімде іске қосылуын қамтамасыз ету қажет»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Энергетика министрлігінің деректері бойынша қазіргі уақытта Қазақстанда 230 электр стансасы жұмыс істейді, оның 156-сы – жалпы қуаты 3 ГВт-тан асатын жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) объектілері. 2024 жылдың қорытындысы бойынша тұтыну көлемі 119,9 млрд кВт/сағат болса, электр энергиясын өндіру 117,9 млрд кВт/сағат болды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүние салды

Есмұхан Обаев

Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

 AZAL апаты

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Бала