Үкіметте әкімдіктерден ТКШ саласындағы «қызыл аймақты» толық жою талап етілді
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 2026 жылға жалпы 1,2 трлн теңге инвестициялар тартылған. Оның ішінде 634 млрд теңге Ұлттық жоба арқылы, тағы 542 млрд теңге тариф қалыптастыру тетігі аясындағы қолданыстағы инвестициялық бағдарламалар шеңберінде қарастырылған.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысқан «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны» іске асыруға арналған Жобалық кеңсенің отырысында айтылды.
ЭКСЖ электронды платформасы арқылы жалпы құны 482 млрд теңге болатын конкурстық рәсімдерге дайын 206 жоба өтуде. Оның 168-і нақты іске асырылып жатыр.
«Вице-премьер 2027 жылға қарай әкімдіктер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы "қызыл аймақты" толық жоюы тиіс екенін атап өтті. Сәуір айының соңына дейін барлық жоба бойынша, ең алдымен "қызыл аймақтағы" кәсіпорындарға қатысты ЭКСЖ платформасына өтінімдерді толық енгізу тапсырылды», – делінген хабарламада.
Тапсырмалар уақытылы орындалмаған және сапасыз орындалған жағдайда жауапты тұлғаларға қатысты жеке жауапкершілік шаралары қабылданады.
Қазір оқып жатыр
«Балаларымыз үшін қорқамыз»: Астана маңында оқушылар тоз-тозы шыққан мектепте білім алуда
Жамбылдағы сарбаз өлімі: рота командиріне қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды
Астанада Tesla тізгіндеген 14 жастағы оқушы полициядан қашпақ болды
Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды