USD
USD
USD

Үкімет Жезқазған қаласындағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 млрд теңге бөлді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Жезқазған қаласының шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға Үкімет резервінен шамамен 1,8 млрд теңге бөлінді.

Үкімет үйі
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражат шаруашылық-ауыз су тазарту құрылысын жаңғыртуға мүмкіндік беретін мембраналық жабдықты орнату арқылы қуаты тәулігіне 124 мың м3 қолданыстағы тазарту құрылыстарын толық реконструкциялау жобасының екінші кезегін жүзеге асыруға бағытталды.

Аталған жобаны жүзеге асыру Жезқазған қаласы тұрғындары үшін әлеуметтік маңызды мәселе болып отыр. Облыс орталығын сумен жабдықтау Кеңгір су қоймасы арқылы жүзеге асырылады. Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген. Жабдықтар мен технологиялардың тозуы шамамен 90%-ды құрайды.

Бөлінген қаржы қазіргі уақытта 98,6 мың адамды құрайтын Жезқазған қаласы халқының әлеуметтік-экологиялық ахуалын одан әрі жақсартуға және тұрғындардың санитарлық-гигиеналық өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин