USD
USD
USD

Үкімет жаңа шарттарды бекітті: енді жәрдемақыны кімдер ала алмайды?

Үкімет жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу тәртібіне қатысты жаңа шарттарды бекітті. 

Көпбалалы аналар
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Астана, NEGE. Жаңа талап бойынша азаматтарға жәрдемақының 10 түрі берілмек:

  • бала туған кезде берілетін біржолғы жәрдемақы;
  • бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы;
  • төрт және одан көп баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;
  • «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне және «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы;
  • мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;
  • асыраушысынан айырылған отбасы мүшелеріне берілетін жәрдемақы;
  • арнайы мемлекеттік жәрдемақы;
  • бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін жәрдемақы;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға, асырап алушыға немесе қамқоршыға берілетін жәрдемақы;
  • арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы.

Сондай-ақ, жаңа тізімде әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж жандарға ғана берілетін жерлеуге арналған біржолғы төлем бар. 

Кімдер жәрдемақы ала алмайды?

Жаңа құжат бойынша жәрдемақы тағайындау кезінде азаматтың әлеуметтік әл-ауқат деңгейі ескеріледі.

«Жоғары («А» деңгейі) және ауқатты («В» деңгейі) әлеуметтік әл-ауқат деңгейлеріне жатқызылған адамдарға жәрдемақыларды, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді алу құқығы қолданылмайды», – делінген құжатта.

Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 13 өңірде тексеру жүргізіп, 4,4 мың адамға жәрдемақыны заңсыз тағайындау схемасын әшкерелеген болатын. Барлық өңір бойынша 38 қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров

LRT құрылысы: Астананың екі көшесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Астана

Вячеслав Ким Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмен атанды

Вячеслав Ким

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов