USD
USD
USD

Үкімет заңсыз ойын бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспарын қабылдады

 Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин мәлімдеді.

Ойын бизнесі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Үкімет заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын қабылдады. Президент Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында лудоманиямен күресу үшін жүйелі жұмыс жасап, кешенді жоспар құруды, сондай-ақ тиісті заңды тезірек қабылдауды тапсырған еді, дейді мемлекеттік кеңесші.

Естеріңізде болса, Мәжіліс бұған дейін осыған қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарастырған болатын. Қабылданған кешенді жоспардың іс-шаралары заң жобасының негізгі ережелерімен толық үндеседі. Кешенді жоспардың жобасын сарапшылар, сонымен қатар Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері кеңінен талқылады. Жоспар 4 бөлімнен және 28 тармақтан тұрады. Оның сапалы орындалуына 15 орталық пен 20 жергілікті мемлекеттік орган жауапты болады, – деді Ерлан Қарин.

Лудоманияға қарсы күресте мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бүкіл қоғамның жұмылуы, дәйекті әрі жүйелі жұмыс жасауы аса маңызды, деп түйіндеді ол.

Мектеп оқушылары да онлайн казино ойнайды. Қазақстанда 40 мың адам өзін құмар ойыннан шектеді. Депутат лудоманияға шалдыққан екі оқушының емделіп жүргенін айтты.  

Қазір оқып жатыр

АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық жігіттің денесі табылды

.

«Парақор» өңірлер тізімі жарияланды: Астана көш басында тұр

Астана

ҚТЖ басшысы өзіне тиесілі компания бар екенін растады

.

Бектенов ҚТЖ басшысына ескерту жасады

Олжас Бектенов