7 Маусым 12:00
...

Үкімет вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлді – Адам папилломасы вирусы несімен қауіпті?

Адам папилломасы вирусы
Фото: ғаламтордан

Адам папиллома вирусы – кең таралған инфекция. Ол әлем халқы бойынша 90%-дан астам адамда кезедеседі. Вирус адамға жыныстық жолмен де, тұрмыстық жолмен де жұғады. Адам папиллома вирусы – әлемдік денсаулық сақтау саласындағы басты проблеманың бірі болып отыр.

Халықтың денсаулығына әсер ететін бұл мәселе Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Қазақстанда да бұл вирустың халық арасында таралуы көрсеткіші жоғары. Бұл осы инфекцияның алдын алу және емдеу әдістері туралы ақпараттың халыққа толық түсінікті болмауына байланысты.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бір жылда адам папиломасы вирусынан үш жүз мыңға жуық әйел адам қайтыс болады. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша екінші орында тұр. Атап айтатын болсақ, бір жылда еліміз бойынша 1900 адам аталмыш вирусты жұқтырады екен. Өлім дерегі де аз емес, осы дерттен алты жүзден астам әйел көз жұмады.

АПВ әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін. Вирустың таралуы, оның жатыр мойны обыры ауруына әсері және вакцинация сияқты профилактикалық шаралардың маңыздылығы әрі қарай зерттеуді және назар аударуды қажет етеді. Осы вируспен байланысты аурулардың алдын алу үшін профилактикалық шараларды, соның ішінде тұрақты медициналық тексерулерді және АПВ вакцинациясын қолдану маңызды. Бұл ауру қаупін және қоғамда осы вирустың таралу қаупін азайтудың жалғыз жолы.

Адам папилломасы вирусы
Фото: ғаламтордан

Адам папиллома вирустары жалпақ эпителий жасушаларында өмір сүріп, көбейеді. Ададар вирусты терінің шырышты қабаты немесе терідегі жаралар мен жарақаттар арқылы жұқтырады. АПВ адам ағзасына зақымдалған тері немесе шырышты қабаттар арқылы енеді. Адам папиллома вирусы тек адам ағзасында, яғни терісінде немесе шырышты қабаттарында өмір сүреді. Демек, вирус – жыныстық қатынас арқылы тез жұғады.

Белсенді қоздырғыштардың нәтижесінде адам денесінде сүйелдер, папилломалар, өткір немесе жалпақ кондиломалар пайда болады. Бүгінгі күнге дейін АПВ тек косметикалық ақауды тудыратын зиянсыз вирус деп есептеліп келді. Алайда қазіргі таңда оның кейбір штаммдарының қатерлі ісік тудыруы мүмкін екендігі дәлелденген.

Адам папиллома вирусының көптеген түрлері бар. Олар орналасуына, сыртқы көріністеріне және онкогенділік деңгейіне байланысты бөлінеді.

Сыртқы көрінісіне байланысты. Барлық вирустың төрттен бірі шырышты қабаттарда папилломалар мен сүйелдердің пайда болуына әсер етеді.

Онкогенділік дәрежесі бойынша. Басқаларға қарағанда қатерлі ісік тудыратын белгілі бір штамдар бар. 16-18-ші типтері ең қауіпті болып саналады. Әйелдердің 70% -ында жатыр мойны обыры, 80%-ында – қынап ісігі, 92% -ында – аналь ісігі туындайды.

Адам папилломасы вирусы
Фото: ғаламтордан

Сонымен қатар, адам папиллома вирустары әдетте сүйелдердің түріне және орналасуына байланысты бөлінеді:

  1. Тегіс – негізінен мойын мен бетте орналасады. Олар теріден жоғары көтерілмейтін кішкентай қатты затқа ұқсайды;
  2. Анық – теріде үлкен болып анық байқалып тұратын өсінділер;
  3. Сүйір – жыныс мүшесінде пайда болады. Бұл жоғары онкогенді штамдармен инфекцияның айқын белгісі;
  4. Жалпақ – табанында орналасқан жалпақ сүйелдер;
  5. Жіп тәрізді – негізінен бет, мойын, қол немесе қолтықта пайда болатын бір немесе бірнеше түзілімдер. Олар бір негізден шыққан бірнеше өткір жіптерге ұқсайды.

АПВ-ның таралуының 3 негізгі жолы бар:

  1. Жыныстық жол. Ең көп таралған әдіс. Егер жыныстық қатынас кезінде қорғанбаса, патоген жыныс мүшелерінің шырышты қабатына белсенді енеді.
  2. Перинаталдық жол. Жүкті әйел АПВ жұқтырған болса, патоген (1% жағдайда) балаға беріледі;
  3. Байланыс және тұрмыстық жол. Вирус денеге тері жарақаттары арқылы енуі мүмкін.

Адам папиллома вирусы аэробты ортада өмір сүрмейді, ол ауада бірден өледі. Сол себепті есік, автобус тұтқалары немесе дәретхана орындықтары арқылы таралып, жұқпайды.

Пациенттердің басым көпшілігінде папилома вирусы сүйелдердің, папилломалардың және кондиломалардың өсуін тудырады. Олар дененің кез келген жерінде пайда болады, алайда көбінесе жыныстық аймақта кездеседі.

Адам папиллома вирусының белгілері қандай?

Адам папиллома вирусының инфекциясы симптомсыз өтеді. Ұзақ уақыт бойы адам бойында ешқандай белгілер байқалмауы мүмкін. Денеде сүйелдер пайда болуы мүмкін, бірақ оған ешкім ерекше назар аудармайды. Әйелдерде жатыр мойны дисплазиясы дамуы мүмкін, бірақ оны гинекологиялық тексеруден басқа әдіспен анықтау мүмкін емес.

Бүгінгі күні дәрігерлер денеде папилома вирусы болуы мүмкін бірқатар белгілерді атайды.

Төмендегі белгілер болған жағдайда міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек:

–  Жыныстық қатынас кезінде ыңғайсыздық сезімі;

етеккір арасында қан келуі;

Кез келген жанасудан терідегі ісіктерің қанауы;

Теріде ісіктердің пайда болуы;

Жыныс аймағының қышуы.

Адам папиллома вирусын тасымалдаушыладың көбінің табанында сүйел пайда болады. Денедегі әлсіздік, шаршау, кенеттен салмақ тастау немесе іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы сияқты белгілерді байқасаңыз, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.

Адам папилломасы вирусы
Фото: ғаламтордан

Адам папилломавирусы емделмейді. Дегенмен, емдеу режимі инфекция дәрежесіне және организмнің жеке ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі.

Папилома вирусынан қорғанудың жалғыз тиімді әдісі – вакцинация.

Әлем елдерін алаңдатып отырған аурудың алдын алу жолдарын Қазақстан да қолға алды.

Биылдан бастап елімізде адам папиллома вирусына қарсы вакцинация басталады. Ол үшін Үкімет 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөліп отыр. Оған 351 мыңнан астам доза мөлшерінде вакцина сатып алынады. Жұқпалы аурулардан туындаған онкологиялық аурулардың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында нысаналы топтың кемінде 95%-ын қамтитын 11 жастағы жасөспірім қыздарды папилломалық вирусқа қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және өткізу жоспарлануда. Бұл жұмыс 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Адам папилломасы вирусы
Фото: ғаламтордан

Вакцинаны 11 жастағы қыздардан бастап салудың өзіндік себебі бар. Онкогинекологтардың пікірінше, қыздарды жыныстық қатынасқа түспес бұрын вакцинациялау өте маңызды. Бұл жаста қыз балалар вирусты жұқтырып үлгермейді және вакцинацияның тиімділігі өте жоғары болады. 

Сонымен қатар, адам папиллома вирусына қарсы вакцинаны ер адамдар да салдыра алады.

2020 жылы ел үкіметі Қазақстанда АПВ вирусына қарсы вакцинация 2021 жылы басталады деп мәлімдеген, бірақ кейін бұл бағдарлама тоқтатылды.